Алматыда автобуста елдің қалтасына түсіп жүрген екі ұры ұсталды (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда автобуста елдің қалтасына түсіп жүрген екі ұры ұсталды. Бұған дейін қалалық полицейлер азаматтық киім киіп, автобустағы ұрыларды ұстауға шығатынын хабарлаған болатынбыз.

Ұсталған екі адам жымысқы ойларын Сефуллин-Шолохов көшелерінің қиылысында жүзеге асырған.

«Олардың бірі ұрлық жасағанын мойындады. Түрксіб аудандық ІІБ-де тінту барысында олардан ұялы телефон табылды. Екіншісі ұялы телефонды біреуден сатып алғанын айтып ат-тонын ала қашты. Қазір екеуі де аудандық ІІБ жеткізілді», - деді ІІД өкілі Андрей Стрельцов.

Қалалық ІІД азаматтарға қоғамдық орындарда өз мүлкіне өте мұқият болуды ескертеді.