АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қоғамдық көлік қозғалысына арналған «Жолақ» борттық жүйесі енгізілген болатын. Қазір автобус жолағына шыққан жүргізушілерге айыппұл салынып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Жолак» борттық жүйесі 50 автобусты қамтып отыр. Қалалық қоғамдық көліктерге 100 камера орнатылды. Сол арқылы жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілерді анықтауға болады. Аталмыш құрылғы автоматты түрде сурет пен бейнетаспаға түсіреді.
«Жолақ» жүйесі енгізілгенен бері 406 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұл сомасы 2 млн теңгеден асады.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.