Қайғылы оқиға Ұлықбек көшесінде болған. Жасы 80-ге таяп қалған қария жолды тыйым салынған жерден кесіп өтпек болған. Hyundai жүргізушісі тежегішті басып үлгермей, жол апаты орын алды. Соққыдан жаяу жүргінші сол жерде көз жұмды.
Оқиғаның мән-жайын полиция тексеріп жатыр.