«Алматы қалалық ТЖД 2016 жылдың 14-қаңтарында жергілікті уақыт бойынша 12 сағат 55 минутта хабардар ету жүйесінің техникалық дайындығын тексеруді жоспарлап отыр», - делінген хабарламада.
Тексеру бойынша электр сиренасын қосу арқылы «Барлықтарыңыз тыңдаңыздар» деп аталатын бірыңғай хабарландыру дабылы қағылады. Бір мезетте автоматты түрде теледидар және радио арналары қамтылып, тұрғындар хабардар ету жүйесінің дайындығының тексеріліп жатқаны жайлы құлағдар етіледі.
Бұл ретте Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды үрейленбеуге шақырады.
Бұдан кейін, тексерулер алдағы уақытта ай сайын алғашқы бейсенбі күні күндіз 12 сағат 55 минутта жүргізіліп тұратын болады. Бұл күн мерекелік күнге сәйкес келіп қалған жағдайда, тексеру келесі аптаның бейсенбісіне ауыстырылады.