Алматыда «Аяла» қайырымдылық қоры перзентханаға 5 миллион теңге көлемінде көмек көрсетті

АЛМАТЫ. Сәуірдің 27-сі. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматыда «Аяла» қайырымдылық қоры №3-ші қалалық перзентханаға 5 миллион теңге көлеміндегі медициналық құрал-жабдықтарды көмек ретінде табыстады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жаңа туған нәресте бойындағы әр түрлі ауруларды дер кезінде ерте емдеу маңызды екені белгілі. Біздің қайырымдылық қор осы мақсатта туа біткен патологияны ерте анықтау үшін перзентханаға заманауи рентген аппаратын және рентген суретін шығаратын процессорды табыстап отыр. Бұл жабдықтар орталықтағы жетекші дәрігерлерге көмек беріп, қаламыздағы жүздеген бала өмірін сақтауға көмегі тиер деген үміттеміз», деді «Аяла» қайырымдылық қоры президентінің кеңесшісі Жангелді Сәрсенов.