Олар балаларды осылайша ерекше әдіспен құттықтауды ұйғарыпты.
Бір қызығы, жолсызбен жүре беретін көлік былғарымен қапталған. Ал шатырына шана мен бұғының мүйізі орнатылған. Осылайша, Аяз ата мен Ақшақар көпқабатты үйлердің аулаларына кіріп, жергілікті балаларды Жаңа жылмен құттықтап, олармен суретке түскен.
Сондай-ақ, балалар арасында тақпақ айту, ән шырқау және би билеу бойынша байқаулар ұйымдастырған. Өз өнерлерін көрсеткендерге сыйлықтар таратқан.