Жоспарланғанындай, мыңнан астам адам қатысқан салтанатты шеру Абай даңғылы бойындағы Қазақ мемлекеттік циркінің алдынан басталып, АДК сауда ойын-сауық кешені алдында аяқталды. Жол бойында Аяз Аталар жүргіншілерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, әр түрлі жаңажылдық әндер орындады. Шеру соңында биден мерекелік флеш-моб өткізілді. Сонымен қатар, шеруге қатысушылар АДК сауда ойын-сауық кешені басшыларының қолынан Жаңа жылдық естелік сыйлықтар алды. Оған қоса, қатысушылар үшін мұнда мерекелік дастарқан жайылды.
Айта кетелік, ресми деректер бойынша Аяз Аталар мен Санта-Клаустар шеруі сонау 1905 жылдан бері әлемнің көптеген елдерінде өткізіліп келеді екен. Тіпті кейбір елдерде бұл мереке ұлттық деңгейде атап өтіледі.
Айтпақшы, Аяз Ата болғысы келетіндер АДК сауда ойын-сауық кешеніне келіп, өтінім бере алады.