Оқиға 22 қазан күні Алматы қаласының Әуезов ауданында болған.
Алматы қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, қазіргі уақытта бұл факт Әуезов ауданының полиция басқармасында ҚРҚК 293-бабының 1-бөлімі бойынша тергелу үстінде.
«Тергеу барысында оқиғаның мән-жайы анықталып, құқықтық баға берілетін болады. Сонымен қатар, тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалады»,- деді департамент.
Автокөліктің терезесін шаққан әйелдің видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды.