Алматыда әйелдер қылмысы өршіп барады

АЛМАТЫ. Шілденің 23-і. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Таяу тәуліктерде Алматыда 28 қылмыс орын алды, қылмыстардың алтауы әйелдердің қолымен жасалған,

деп хабарлайды Алматы қаласының ІІД-нің баспасөз қызметі.

«Қылмыстардың көпшілігін жұмыссыз жүрген әйелдер жасады, оның жартысы жағдайы нашар отбасыдан шыққандар, сондай-ақ бірнеше рет сотталғандар. Қылмыстың көбі - тұрмыстық зат ұрлаушылық. Ұсталған әйелдердің айтуынша, мұндай келеңсіздікке олар қажеттіліктен барған», дейді Алматы қаласы ІІД-нің жедел Басқару орталығының бастығы, полиция подполковнигі Андрей Квашнин.

Оның айтуынша, орын алған қылмыстың 22-сінің ізі суымай ашылған.