Алматыда әйелдер мерекесіне орай концерт өтті
19:50, 05 Наурыз 2013
АЛМАТЫ. 5 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының орган залында салтанатты жиын, сондай-ақ 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Әйелге махаббатпен» атты мерекелік концерт өтті.
Бұл мерекелік шараға нәзік жандылардың 500-ге жуық өкілі - аудан активі, Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлері, қоғам қайраткерлері, денсаулық сақтау, білім және мәдениет салаларының қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, көпбалалы аналар мен жастар шақырылды.
Аталмыш шараны Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімдігі ұйымдастырды.