Алматыда әйелдердің мүмкіндіктерін арттыру мәселесі талқыланды

АЛМАТЫ. 11 наурыз. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматыдағы халықаралық «БҰҰ-әйелдер» ұйымының кеңсесінде 8 наурыз мейрамына 100 жыл толуына арналған кездесу өтті.

БҰҰ 4 жыл бойы гендер теңдiгi мәселесі мен әйелдер құқығы, олардың мүмкіндіктерінің кеңейтілуі бойынша жаңа құрылым құру жөнінде жұмыс істеп келеді. «БҰҰ-әйелдері» БҰҰ қорының құрамында әйелдер жағдайын жақсартуда халықаралық білім және ғылыми-зерттеу институттары, әйелдер жағдайын жақсартудағы бөлім бар.

Олардың ұстанған бағыттарында басшылық етушi әйелдердің рөлін нығайтып, олардың тiршiлiк әрекетiнің барлық саласына қатысуын күшейту, әйелдерге қатысты зорлықты жою, әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту, гендер басымдықтарын ұлттық жоспарлар мен бюджетiне қосу сынды мәселелер бар.

Аталған жиынға Социалистік Еңбек Ері Вера Сидорова, Қазақстан тарихында алғаш елші әйел атанған Ақмарал Арыстанбекова қатысты.