деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жоба дағдарыс орталықтарына еріктілер мен донорлық құралдарды тарту бойынша итальяндық тәжірибені беруге бағытталған. Бұл жоба Еуропалық комиссия қамқорлығымен, Милан қаласының «FORMAPER» сауда палатасымен бірігіп ұйымдастырылды", деді Алматы қалалық Феминистік лиганың президенті Евгения Козырева.
Семинарға Көкшетау, Шымкент, Тараз, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының ҮЕҰ-ның өкілдері қатысты. "Семинар Үкіметтік емес ұйымдар әйелдерінің тұрақты әріптестікті дамыту мақсатында донорлармен тығыз қарым-қатынас жасауға, сонымен қатар қаржылық әлеуетін көтеруге арналған", деп атап өтті Евгения Козырева. Оның айтуынша, бұған дейін шағын бизнес ашқысы келетін әйелдерге арналған семинар өткен.