Полиция қызметкерлері анасын және оның кәмелетке толмаған балаларын өлтірген күдіктіні қолға түсірді. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында 41жастағы Алматы қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Аталған дерек Іле аудандық полиция бөлімінде ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы (екі немесе одан да көп адамды өлтіру) және 99-бабы 3-бөлігі (жас баланы өлтіру) бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта барлық қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу іс-шаралары жүргізілуде», - деді Алматы облысы ПД бастығы, полиция полковнигі Бауыржан Әленов.
Ұсталған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Күдікті қылмыстың ізін жасыру мақсатында үйді өртеп жіберген», - деп атап өтті Б. Әленов.
Еске салайық, 14 қыркүйек күні Алматы облысы Іле ауданының Ащыбұлақ ауылындағы үйлердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар К. есімді азаматша мен оның екі баласының мәйіті табылғаны туралы
хабарлаған болатынбыз.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.