Алматыда әйелге балтамен тап берген жас жігіт ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Күдіктінің жасы 27-де болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алматыдағы Түрксіб ауданының аумағындағы жеке секторда бірнеше сағат бұрынжас жігіт қолына балта ұстап, серуендеп жүрген. Тергеу амалдарының арқасындаанықталғанындай, ерлі-зайыпты екі адам қыдырыстан кейін үйіне қайтып кележатқан. Отбасының отағасы кішкентай ұлымен бірге әйелін үйіне дейін жеткізіп,үйінде бөгде ер адамның барын білместен, жұмысына кете барады. Алайда әйелі менбаласы қақпаны жауып, үйіне қарай беттей бергенде тоңазытқыштың ашық тұрғанынкөреді. Одан кейін үй ішін аралай келе жәбірленуші әйел ас үйде ноутбуктыңколонкалары жатқанын, ал жатын бөлмеде заттардың шашылып жатқанын, дәл солбөлмеде еуропалық сипатты белгісіз ер адамның шкафтарды ақтарып жатқанынкөреді», - делінген департаменттің хабарламасында.

Күдікті ер адам үйдің отанасын көріп қалғаннан кейін оған балтамен тапбереді. Әйел қорыққанынан қаша жөнелгенімен, жерге тайып жығылған. Күдіктіосыны пайдаланып, әйелдің басынан балтаның жүзімен екі мәрте ұрған. Әйел құлаптүскеннен кейін қылмыскер ізін суытып, қашып кеткен.

«Жараланған әйел есін жиып, кішкентай баласын тауып алып, үлкен ұлынақоңырау шалып, әкесіне хабар беруді сұраған. Үйдің отағасы бар-жоғы 10 минуттаүйге жетіп, санаулы минуттардың ішінде полиция қызметкерлері де үйге келіпүлгереді. Күдікті үйдегі зергерлік бұйымдар мен 100 мың теңге ақшаны жымқырыпүлгерген. Полиция бірден іске кірісіп, аз уақыттың ішінде әлгі жігіт ұсталды.Күдікті 1992 жылы туған жігіт. Бұрын бірнеше мәрте сотталған. Жұмыс істемейді»,- делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта күдіктіден жауап алынып жатыр. ҚР ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігібойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.