деп хабарлайды ҚазАқпарат.
АӨҚО ҚРА төрағасы Әркен Арыстановтың айтуынша, шара Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен көтерілген ҚР халқының инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын арттырудың 2007-2011 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру аясында өткізілуде. Естеріңізге сала кетейік, аталған бағдарлама азаматтарға түрлі қаржы құралдары, тәуекелдерді бағалау, сақтау, көбейту және капиталды тиімді басқару тәсілдерін қолдану жөніндегі біліммен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылуда.
Әркен Арыстановтың айтуынша, бұл бағытта бірінші кезекті жұмыстар БАҚ өкілдерімен жүргізілуде. Халықтың инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын арттыру ісінде мемлекет пен қаржы құрылымдары, БАҚ күшін біріктіру арқылы жұмыс істеу үлкен тиімділікке қол жеткізеді.
Семинар барысында қаржы мамандары, АӨҚО ҚРА өкілдері халыққа қаржыны қалай сақтау, жеке капиталды сақтап, көбейту, экономика тақырыбында мақалаларды қалай жазу, ақпарат алу жолдарын көрсетті.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, 2007-2008 жылдары АӨҚО ҚРА семинарларына Қазақстанның әр аймағынан 100-ден астам тілші қатысқан.