деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Дәстүрлі түрде жыл сайын өтетін бұл шараны Американдық және демократиялық зерттеулер ресурстық орталығы, Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университеті жанындағы НАТО-ның Ресурстық және ақпараттық орталығы, Нью-Мексика университеті (АҚШ) бірігіп ұйымдастырды. Оған Қазақстандағы АҚШ елшілігінің және НАТО-ның қоғамдық дипломатия департаменті (Бельгия) қолдау көрсетіп отыр. Оған 7 жылдың ішінде 200-ден астам жас зерттеушілер қатысты. Биыл тыңдаушы ретінде Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Ауғанстан және Ресейден үздік студенттер, магистранттар және докторанттар шақырылып отыр. Сондай-ақ алғаш рет бұл шараға американдық студенттер қатыспақ. Онда АҚШ пен Қазақстан университеттерінің, ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарының әйгілі сарапшылары дәріс жүргізеді деп жоспарлануда.