Алматыда аз қамтамасыз етілген отбасылардағы балаларға шағын орталықтар ашу жобасы талқыланады

None
АЛМАТЫ. 7 сәуір. ҚазАқпарат - Алматыда 12 сәуір күні өтетін дөңгелек үстел отырысы барысында«Алатау ауданының балаларына арналған аз қамтамасыз етілген отбасылардағы балаларға шағын орталықтар ашу» жобасы талқыланады.

Онда «Бота» қайырымдылық қорының қолдауымен «Шаңырақ» республикалық қоғамдық бірлестігі мен Қазақстанның тең құқықтар және тең мүмкіндіктер институты өткізген әлеуметтік зерттеу нәтижесінде жасалған жоба талқыланады. Бұл шараның мақсаты - аз қамтамасыз етілген отбасылардағы балаларға шағын орталықтарды ашуға қатысты ұсыныс-тілектерді жинау. Қоғамдық бірлестік пен аудан әкімдігі әлеуметтік жағдайлары төмен отбасылардағы балаларғы тегін шағын орталықтарды ашу туралы өзара түсіністік тауып, келісімге келген болатын. Жоба «Бота» қайырымдылық қорының грантымен жұмыс істейді деп жоспарлануда. Дөңгелек үстел жұмысына аудандағы өзін-өзін басқару комитеттерінің басшылары, балабақша меңгерушілері мен мемлекеттік жергілікті атқару органдарының басшылары қатыспақ.