10:54, 22 Сәуір 2009
Алматыда азаматтардың ұрпақты болу денсаулығы мен ұрпақты болу құқықтарын қорғау тақырыбында отырыс өтеді
АСТАНА. Сәуірдің 22-сі. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Сәуірдің 24-і күні Алматы қаласында «Қазақстан Республикасы азаматтарының ұрпақты болу денсаулығы мен ұрпақты болу құқықтарын қорғау саласындағы ұлттық заңнама және халықаралық міндеттемелер» тақырыбындағы көшпелі отырыс өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аталмыш отырысты БҰҰ Тұрғылықты халықтар қорының қолдауымен «Нұр Отанның» Парламент Мәжілісіндегі фракциясы жанындағы Әлеуметтік кеңес пен Денсаулық сақтау министрлігі ұйымдастырып отыр.Бұл басқосудың мақсаты ? Қазақстан азаматтарының ұрпақты болуы үшін денсаулығын қорғау саласындағы, азаматтардың денсаулығын сақтау мен денсаулық сақтау жүйесін қорғау туралы кодекс жобасында халықаралық конвенциялар мен міндеттемелерді сақтауды, азаматтардың ұрпақты болу құқықтарын қамтамасыз ету сияқты проблемалы мәселелерді, заңнамалардың даму жағдайы мен болашағын талқылау, сондай-ақ отырыс қорытындысы бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.Осы жиында Парламент Мәжілісі мен Сенатының депутаттары, Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев, денсаулық саласының мамандары мен тәуелсіз сарапшылар сөз сөйлейді деп күтілуде.Көшпелі отырыс Алматы қаласындағы Акушерлік, гинекологиялық және перинатологиялық ғылыми орталығында өтеді.