Оны Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің қолдаумен «Медиа стандарттар институты» қоғамдық қоры ұйымдастырып отыр.
Оған қатысушылар блог, микроблог, фото және бейне сервистердің мүмкіндігі мен оларды қолдану туралы жан-жақты мағлұмат алады. Сондай-ақ үздік қатысушыларға шағын камералар беріледі деп жоспарлануда. Бұл шара одан кейін Талдықорған, Тараз және Қарағанды қалаларында да ұйымдастырылмақ.
Қазіргі таңда ғаламтор аудиториясы Қазақстанда 5 миллион адамнан асып отыр. Желілерде олар бір-бірімен танысып, өзара ақпарат алмасуда. Олар онда әріптестер мен бастамаларды қолдайтын донорлар табуға мүмкіндік алып отыр.