«2017 жылы қаланың АХАТ органдарында 17,2 мың жұптың некесі тіркелсе, олардың 6,7 мыңы ажырасып кеткен. Өткен жылмен салыстырғанда тіркелген неке саны 3,1%-ға, ажырасу 13,2%-ға артқан», - деді қалалық Статистика департаментінің басшысы Бағлан Қарғұлов.
Департаменттің мәліметі бойынша, 2018 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, Алматыда 1 млн 801 адам тұратыны анықталды. Халық саны өткен жылғымен салыстырғанда 2,9%-ға артқан.