Алматыда Азиада-2011-ді қолдау үшін халықаралық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтеді

ЛМАТЫ. Шілденің 24-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін кешке Алматыдағы «Медеу» мұз айдынында «ХХ ғасырдың би кеші» атты концерт өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш концертке 20-шы ғасырдың 80-ші және 90-шы жылдардағы танымал орындаушылар қатысады. Олардың ішінде «ABBA (cover)», «Secret Service», «Snap», «Nana», «Coolio» және «Технология», «Комиссар» топтары да бар. Шетелдік орындаушылармен қатар сахнаға еліміздің эстрада жұлдыздары да шығады. Бұл шараның мақсаты - Астана мен Алматы қалаларында өтетін 2011 жылғы Қысқы Азия ойындарын насихаттау болып табылады.

«Бұл кеш - «Азиада-2011» қарсаңындағы сүйікті қаламызға деген сыйлық. Өткелі отырған халықаралық бұл жоба басқа елдерге де танылса дегіміз келеді. Менің ойымша алматылықтар мен қала қонақтары нағыз рахат алып, таза ауамен демалып келе жатқан үлкен спорттық мерекедегі өз үлестерін сезінеді», дейді концертті ұйымдастырушы, «ДМ» журналының бас редакторы Асхат Бүлдешев.