Алматыда «Азиада-2011» қарсаңында» жастар акциясы өтуде

АЛМАТЫ. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат /Елена Ильинская/ - Бүгін Алматыда «Шымбұлақ» спорт кешенінде 2011 жылғы қысқы Азия ойындарына арналған «Азиада-2011» қарсаңында» атты жастар акциясы өтуде. Оның «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанаты ұйымдастырды.

Акция қысқы спорт түрлерінен біздің спортшыларымыздың жеңістерін нвасихаттау мақсатында өткізілуде. Отандық спортшылар шеберлігінің жоғары деңгейі олар 2011 жылғы VII Азия ойындарында жоғары нәтижелер көрсетеді деген сенім ұялатады.

Жастар акциясына «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Нұрлан Өтешев, «Біртұтас Ресей жастар гвардиясы» Бүкілресейлік қоғамдық ұйымы саяси кеңесінің төрағасы Руслан Гаттаров, сондай-ақ Қырғыз Республикасының «Ақ жол» халықтық партиясы жастар комитетінің төрағасы Мақсат Құнақұнов қатысуда. Шара аясында ҚР Қорғаныс министрлігі әскери колледжінің спортшылары және эстрада әртістері өнер көрсетеді.