Бұл туралы бүгінгі брифинг барысында ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Конференцияға Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі, Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің өкілдері, Қазақстан, Литва, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы және басқа да шет елдердің іскерлік топтары қатысады деп күтілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты - мемлекет, бизнес және сарапшылар арасында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы аймағында халықаралық көлік дәліздерін дамыту бойынша пікір алысып, нақты істерге жол ашу.
Конференцияның ұйымдастырушылары - «JURA MORE SEA» халықаралық бизнес журналы және «TL Nika Group» литван-қазақ компаниялар тобы.