деп хабарлайды ҚазАқпарат А2B (Art to be) қоғамдық қорына сілтеме жасап.
Шараға әйгілі «Алғашқы топ» мультфильмінің режиссері Йошихару Асино арнайы келмек. Фестиваль күндері ол 2 күн арнайы шеберлік сыныбын өткізеді. Сондай-ақ оның «Алғашқы топ» мультфильмі фестиваль шымылдығын ашатын болады. Фестивальда жапондық режиссерлердің "Алғашқы топ. Шындық сәті", "Поньо балық ", "Порко Россо", "Меланхолия Харухи Судзумии", "Гуррен-Лаганн" сынды мультфильмдері көрсетіледі. ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль биыл үшінші рет өткізіледі. Конкурс аясында мультфильм көрсетілімдерімен қатар косплей, караоке, АМВ, фан-арт, фан-фик, манга, фан-дабтан жарыстар да өткізілетін болады.