деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оны Жапония елшілігі мен Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының қолдауымен «Арт ту бизнес» қоғамдық қоры мен "Diamond Creative Studio" коммуникациялық агенттігі бірігіп ұйымдастырып отыр. Дәстүрлі түрде биыл 3-ші рет өтіп жатқан бұл шара қаңтардың 10-ына дейін созылмақ. Ол Асино Йошихарудың "Алғашқы жасақ" мультфильмімен ашылатын болады. Фестивальге арнайы келген әйгілі жапон режиссері желтоқсанның 29-ы күні Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясында шеберлік дәрісін өткізген еді. Келесі дәрісі енді қаңтардың 5-і күні "Қазақфильм" киностудиясында өтетін болады. Фестиваль кезінде оның отандасы Хайао Миядзакидің "Паньо балығы" деп аталатын жаңа шығармасының тұсаукесері жасалып, кинотеатрларда кішкентай қала тұрғындары мен қонақтарының назарына толық метражды 7 мультфильм ұсынылады. Бағдарламаға сондай-ақ, бұл көрсетілімдерден басқа косплей, манга стиліндегі комикстер мен фан-арт, караоке байқаулары еніп отыр.