деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Отырыс барысында негізінен қаланы азық-түлікпен қамту, ауылшаруашылық өнімдері мен азық-түліктің бағасын қалыпты ұстау мәселесі сөз болды. Қала әкімі Ахметжан Есімовтың айтуынша, бұл бағытта Елбасы тапсырмасына сәйкес Алматыда азық-түлік белдеуін ұйымдастыру қолға алынуда. «Өткен жылы осындай отырыс өткізіп, бірқатар шараларды анықтаған болатынбыз. Оның нәтижесінде облыстан қала аумағына ауылшаруашылық өнімдерін жеткізу 10-12 пайызға артты. Бұл қаладағы азық-түлік нарығындағы бағаның тұрақтануына әсер етті. Өткен жылы инфляция алдыңғы жылдармен салыстырғанда айтарлықтай төмен болды», - деді А.Есімов.
«Бүгін де бірқатар бағыттарды саралай келіп, қала, облыс, Ауыл шаруашылығы министрлігі, «ҚазАгро» холдингінің алдында тұрған мәселелеге сәйкес арнайы хаттама қабылдадық. Бұл алматылық өндірушілердің облыс аумағында азық-түлікпен айналысуына, қаланы азық-түлік пен қамтуға мүмкіндік береді», - деді қала әкімі.
Отырыс барысында айтылғандай, биыл да қала тұрғындарының азық-түліктен таршылық көруіне ешқандай жол берілмейді.