Алматыда «Багин» ЖШС жұмысшысын топырақ басып қалды

АСТАНА. 22 маусым. ҚазАқпарат - Алматы қаласының Әуезов ауданында 21 маусым күні сағат 15.06-да №5 перзетхананың аумағында кәріз құбырын ауыстыру үшін жер қазу жұмыстарын атқару кезінде қайғылы оқиға орын алды.

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, «Багин» ЖШС-нің 27 жастағы жұмысшысын топырақ басып қалды. Ол оқиға орнында көз жұмды.