Осымен екінші жыл қатарынан өткізілгелі отырған турнир «Аламан» электрондық басылымының 1 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Оған аталмыш электрондық басылым командасымен бірге, «Алаш айнасы», «Айқын» газеттері, «Алматы», «Хабар» телеарналары мен «Шахар» телекомпаниясы және университеттің журналистика факультетінің командалары қатысады.
17:37, 15 Қараша 2010
Алматыда БАҚ өкілдері арасында шағын футбол турнирі өтеді
АЛМАТЫ. 15 қараша. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - Ертең Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің спорт кешенінде БАҚ өкілдері арасында «Аламан» ұлттық электрондық басылымының Кубогына арналған шағын футбол турнирі болады.