Алматыда БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан SAT & CO компаниясының дәстүрлі көктемгі кубогы сарапқа салынады
Республикалық спорт колледжінің футбол алаңында өтетін бұл доданың жеребе тарту рәсімі 13 сәуірде болады.
Республикалық спорт колледжінде былтыр 26-27 наурызда өткен алғашқы турнирге 14 команда қатысқан болатын. Онда жартылай сында «Алматы спорт» пен «Рахат-СТВ» командалары, «Алматы ТВ» мен «Хабар» командасы ақтық сында кездесті. Бұл ойында қарсыласын 1:0 есебімен ұтқан «Хабар» агенттігінің футболшылары кубоктың иегері атанған болатын. Ал «Алматы» телеарнасынан Мақсат Сіләмбеков «Турнирдің үздік ойыншысы», Қазақ радиосынан Әмір Өмірбек «Футболға берілгені үшін», «Рахат СТВ» командасынан Ақын Ордабай «Үздік бомбардир», «КТК/Караван» командасынан Кирилл Харламов «Үздік қақпашы», «Хабар» агенттігінен Андрей Остапущенко «Үздік қорғаушы» аталымы бойынша арнайы сый-сияпатқа ие болды.