Оның ішінде бірінші компонентін - 1 147 адам, екінші компонетін - 1 546 адам салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті.
«Өткен жылдың 1 ақпаны мен биылғы 21 ақпан аралығында қалада 1 133 638 тұрғын - вакцинаның бірінші компонентін, 1 088 907 адам - екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 124 593 адамның жасы 60-тан асқан»,- делінген хабарламада.
Бүгінгі таңда Pfizer вакцинасын 52 451 адам салдырды.
Оның ішінде 2 860 жүкті әйел, бала емізетін 11 480 ана және 38 111 жасөспірім бар.
230 250 қала тұрғыны ревакцинациядан өтті.
«Бүгінгі таңда қалада медицина мекемелерінде 119 вакцинация пункті жұмыс істейді. 140 вакцинация бригадасында 520 медицина қызметкері жұмылдырылды» - деп атап өтті Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі.