"Жаңа балабақшада барлық жағдай жасалған, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес салынған", деп хабарлады қала басшысы. Ол жаңа балабақшаның тәрбиеленушілері Қазақстан халқы мен қоғамның лайықты өкілдері болатынына сенім білдірді. Бұл ата-аналар мен ұстаздардың бірлескен күшінің жемісімен келмек.
Балабақшаның тәрбиеленушілері әкімге, мереке қонақтарына шағын концерт ұйымдастырды. Билеп, ән шырқады, өлеңдер оқыды.
"Балабақша 120 балаға арналған. Олар 6 топқа бөлінген. Ғимаратта алты жатын бөлме, алты ойын бөлмесі, алты асхана бар. Қазірдің өзінде біз барлық бағыттар бойынша 120 бала жинап қойдық, олардың 75-і осында. Қалғандары медициналық тексеруден өтуде. Біздің балабақшада бір топта екі-екіден, барлығы 12 тәрбиеші жұмыс істейді. Психология кабинеті жұмыс істейді, ол арнайы жабдықтармен жарақтанған, мысалы шар тәрізді бассейн бар", - деді №179 балалар бақшасының кураторы Айнұр Әлімбекова.