Алматыда балабақшадан бала ұрламақ болған әйел ұсталды

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда балабақшадан бала ұрламақ болған әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда 5 жасарбаланы ұрлау әрекеті туралы мәлімдеме Медеу аудандық полиция бөліміне түскенненсоң ҚР ҚК 125-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қылмысты ашу үшінкриминалды полиция қызметінде тергеу-жедел тобы құрылды. Күдікті әйел түрінқаншалықты жасыруға тырысқанымен, бірден анықталды.

«Жедел іздестірушараларының арқасында күдікті бүгін Алматы облысы Кеген ауданындағыата-анасының үйінде ұсталды. Тергеу шараларын өткізу үшін ол Алматыға жеткізілді», - дейді Медеу аудандықполиция бөлімінің басшысы БолатТотыбаев.

30 жастағыкүдікті сол балабақшаның тәрбиешісі болып шықты.

«Әлиханды ұрлап әкетпек болған күдікті сол топтың тәрбиешісі болған. Қылмыс жасаған кезде ол еңбек демалысындаболған. Баланы бейтаныс адамға бермеген қырағы тәрбиеші оны уақытшаалмастырған. Күдікті баланыңата-анасынан ақша талап етуді жоспарлаған. Сұрақтарға жауап бергеннен кейінкүдіктіні уақытша ұстау изоляторынақамаймыз», - деді майор Тотыбаев.