Оның айтуынша, бұл мектепке дейінгі мекемелердің жұмыс сапасын жақсартады.
«Мектепке дейінгі ұйымдарда лицензиялауды енгізу өртке қарсы, санитарлық нормалардың, топтардағы балалар саны бойынша талаптардың сақталуын тексеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кәсіпкерлердің мектепке дейінгі білім беру сапасын қамтамасыз етуге және ата-аналар алдындағы жауапкершілкті арттырады», - дейді Гүлдана Омарова.
Спикердің сөзінше, лицензиялау процесі кезең кезеңмен жүзеге асырылады.
«Алдымен жаңадан ашылған балабақшалар лицензияланады. Екінші кезеңде мемлекеттік аттестаттаудан өтпеген балабақшалар. Соңғы кезеңде – барлық жұмыс істеп тұрған өзге балабақшалар – тәуекелдерді бағалау деңгейі бойынша лицензияланатын болады.Сондықтан балабақша басшыларына алаңдаудың қажеті жоқ. Олардың барлығына жұмысты сапа стандарттарына сәйкестендіруге уақыт беріледі»,- деді ол.
Гүлдана Омарованың пікірінше, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің төмендігі өте маңызды, өйткені лицензия беру жөніндегі мемлекеттік қызмет автоматтандырылады және лицензиардың лицензиатпен тікелей өзара іс-қимылы болмайды.