Алматыда балалар әдебиетінің конкурсы жарияланды

АЛМАТЫ. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Назира Елеухан/ -Алматыда тұңғыш рет балалар әдебиетінің конкурсы өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Конкурсты қала әкімдігінің «Тіл» оқу - әдістемелік орталығы ұйымдастырып отыр. «Конкурстың мақсаты - балаларға арнап жазылған шығармалардың дүниеге келуіне көмектесу және сол авторларды жалпы қауымға таныстыру       болып табылады. Сонымен қатар, конкурсты жариялағандағы міндетіміз - дарынды балаларды іздеу және қолдау көрсету» - дейді байқауды ұйымдастырушылар. 20 шілдеде бастау алаған конкурс 15-ші қыркүйекке дейін жалғасады.

«Байқауға балалар әдебиетінің барлық жанрындағы шығармалар қабылданады. Жеңімпаздардың шығармалары аудио кітап  болып шығады. Қатысушылар назарына айтарым, жұмыстарын бүркеншік атпен жіберулеріне болады. Бұрын жарияланған жұмыстарды да қабылдаймыз. Бірлескен авторлық жұмыстарды да жіберуге болады. Жеңімпаздарға  ақшалай үш (1-2-3 орындарға) сыйлығымыз бар және үш ынталандыру (ақшалай) сыйлықтарымен марапатталатын болады»  - дейді тіл орталығының жетекші маманы Алия Тоқсеитова.