Алматыда балалар арасында неврологиялық аурулар өршіп тұр

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда балалар нейрохирургиясының өзекті мәселелері және емдеудің инновациялық әдістеріне арналған білім беру курсы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шара барысындадәрігерлер балалардың бас миының жарақаты, гидроцефалия, қарыншаныңэндоскопиялық зерттеулері, ми ісіктері, интрамедулярлы жұлын ісіктері, бассүйек деформациясы, глиома немесе ұрық жасушалары ісіктерін емдеу жолдарынталқылады.

«Бұл қаламыз үшінөте маңызды шара. Балалар арасында жиі кездесетін неврологиялық аурулардыңалдын-алу және емдеу жолдарын қарастырып жатырмыз», - деді Алматы қаласының №2клиникалық ауруханасының бас дәрігері Марат Рабандияров.

Білім беру курсынаТель-Авив медициналық орталығының жетекші нейрохирургі, жаңа туғаннәрестелердегі ми мен жұлын ісіктерін зерттеу бойынша маман, профессор ШломиКонстантин арнайы келді.

«Мен осыменҚазақстанға жетінші рет келіп отырмын. Алматы - қарқынды дамып келе жатқанқала. Сондықтан нейрохирургияның дамуына қатысты мұндай шараны өткізу өтемаңызды. Мен педиатрия мен нейрохирургияға қатысты өз ойымен бөлістім. Еңбастысы дәрігерлер ауруды көре білу керек. Олар дұрыс диагноз қоюы қажет. Қазірбалалар арасында гидроцефалия мен туа біткен ауытқулар жиі кездеседі. Біз өзелімізде Израилде жылына ми жарақатына байланысты 500-ден астам операцияжасаймыз. Қазақстаннан да түрлі диагноздары бар науқастар келеді», - дейдіШломи Константин.

Дәрігерлердіңайтуынша Алматыда туа біткен даму кемістіктері бар, сирек кездесетін ауруларғашалдыққан балалар саны артып келеді. Бас миы қан тамырларының артериалдыаневризмалары - мидың қан тамыры қабырғаларының жұқаруынан пайда болады. Бұлтуа бітті дерт. Гидроцефалия – жұлын сұйықтығын өндіру мен сіңіру арасындағы тепе-теңдіктіңбұзылуынан және оның бас миының қарынша жүйесінде артығымен жиналуынантуындайтын ауру. Балалардың церебральды сал ауруы (ДЦП) – жүйке-буын қызметініңбұзылуы. Бас миының сарысулы ісігі-бас миының туа біткен аномалиясы, ол жұлынсұйықтығымен толған бас миының торлы қабағы қалыптастырған бас миының бүйірсаңылауы. Осындай дертке шалдыққанбалаларға дұрыс ем жүргізу дәрігерлердің басты міндеті болып отыр.

Бас миының түрліісіктері - балалар арасында кеңінен таралған өзгерістер. Балалар миы ісігінің40%-ғы субтенториалды немесе медуллобластомалар болып келеді, сонымен біргекраниофарингиома, түрінде болуы мүмкін. Мамандардың пайымдауынша бала кезде пайдаболған ісіктерді емдеуге мүмкіндік бар.

Бұл шараныБалаларға арналған №2 қалалық клиникалық ауруханасы, Shashkin Clinic заманауиневрология және нейрореабилитация клиникасы, Қазақ медициналық үздіксіз білімберу университеті ұйымдастырды.

Соңғы жаңалықтар