Дүниежүзілік балалар еңбегіне қарсы күрес күніне орайластырылған бұл шара Алматы қаласы прокуратурасы мен Алматы қаласының балалардың құқықтарын қорғау департаменті арасындағы меморандум аясында ұйымдастырылып отыр. Оған мемлекеттік органдардың, Халықаралық еңбек ұйымының, республикалық және қалалық үкіметтік емес ұйымдар мен кәсіптік және техникалық білім ұйымдарының өкілдері қатысуда.
Ұлттық ақпараттық науқанының 2002 жылдан бастап 12 маусым Дүниежүзілік балалар еңбегіне қарсы күрес күні болып жариялады. Оның мақсаты - барлық елде балалар еңбегінің ең нашар түрлерін жою қозғалысына назар аудару. Оның қорытындысы бойынша өзге елдер сияқты Қазақстан да Халықаралық еңбек ұйымының №182 балалар еңбегінің ең нашар түрлерін және №138 жұмысқа қабылдаудың ең аз жасы туралы конвенцияны ратификациялады. Жыл сайын Қазақстанның барлық аймақтарында Дүниежүзілік балалар еңбегіне қарсы күрес күні аясында 1-12 маусым күндері Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күндіккүрес» Ұлттық ақпараттық науқаны өткізіліп келеді. Биыл бұл халықаралық науқан «Адам құқығы мен әлеуметтік әділдік үшін балалар еңбегін жоямыз!» деген ұранмен өтуде. Ол балалар еңбегінің мәселелері және оның шешу жолдары жайлы ақпаратты тұрғындарға, БАҚ-қа жеткізуге бағытталып отыр.