Алматыда балалар коньки тебуді тегін үйреніп жүр
04:24, 05 Қаңтар 2020
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда балалар үйінің тәрбиеленушілеріне тегін коньки теуіп үйрету акциясы жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жетім балаларға арналған «Жанұя» мамандандырылған кешенінің тәрбиеленушілері алғашқы сабақты 28 панфиловшы саябағында өткізді.
Әртүрлі жастағы 30 бала 15 тәжірибелі нұсқаушының басшылығымен коньки тепті. Олар арасында шай ішіп, үзіліс жасады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның мақсаты – өсіп келе жатқан буынды спортқа баулып, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.
Естеріңізге сала кетейік, 20 желтоқсаннан бастап қаланың төрт тегін сырғанау орындарында балалар үйінің тәрбиеленушілеріне коньки теуіп үйрету сабақтары өтіп жатыр. 2020 жылдың көктеміне дейін 80-нен аса балаға коньки үйрету жоспарланған.
Оқу курсы аяқталғаннан кейін балаларға сыйлық табысталады.