Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры Дәурен Мұхамеджановтың айтуынша, қазіргі таңда салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру мәселесі жалпы бұқаралық мәдениеттің ажырамас бөлігі ретінде мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтардың біріне айналып отыр. "Өмірлік тәжірибесі жоқ жастар өз денсаулықтарына немқұрайлы қарайды. Бұл жағдай салауатты өмір салтына, тәрбиеге көңіл бөлу жоспарына аса назар аударуды қажет етеді. Сондықтан мұндай шараларды жастар арасында жиі өткізіп тұруды алға қойып отырмыз", - дейді Д.Мұхамеджанов.
Жалпы он бес команда қатысып отырған біріншілік 5 желтоқсанға дейін жалғасады.