АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Әлеуметтік желіде «Самал-3» шағын ауданында 15 наурызға қараған түні балалар алаңында ер адамның пышақталғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы қалалық полиция департаментінен аталған дерек ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлады. Қылмысты Медеу аудандық полиция басқармасы тексеріп жатыр.
«Алдын ала мәлімет бойынша алкогольдік ішімдіктерді бірлесіп ішу кезінде туындаған жанжал салдарынан 35 жастағы ер адамды танысы пышақтап кеткен. 2001 жылы туған күдікті «ізін суымай» ұсталды. Ол қамауға алынды», - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Думан Арғынгелді
2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. «Қазақстан» ұлттық арнасының Алматы қалалық филиалында, «Аягөз жаңалықтары», «Алматы ақшамы» газеттерінде қызмет атқарды. Мақалалары республикалық, облыстық, аудандық газет беттерінде жарияланды. 2021 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.