Алматыда балалар өзенге ағып кете жаздады
Видео мессенджер чаттарында, әлеуметтік желіде тарап кетті.
Бейнекадрда 8-12 жас аралығындағы 6 бала Есентай өзенінің буырқанып аққан арнасында ойнап жүргені бейнеленген.
Толқын келгенде балалар жақтауға секіріп үлгеру керек болған.
Желі қолданушылары ата-аналардың жауапсыздығын сынға алды. «Ойнап жүріп, от басып жүрмесін», «Бұл балалардың ата-аналары қайда қарап отыр?», «Видео авторы түсіргенше, балаларды қуып жібермеді ме?», «Мына толқындар адам шошырлық қой» деген комментарийлер видео астына қалдырылған.
Родители - будьте бдительны❗️⠀ _ 📽: @vassilev_alexey_photo 📰: @almaty_city @almatygggram @almatygggram
Публикация от @kris_p_almaty Official 🇰🇿🚔🔝 (@kris_p_almaty) 13 Май 2018 в 6:07 PDT
Бұл видеоға байланысты қалалық ІІД түсініктеме берді.
«Алматылық ата-аналарға балаларына абай болуын сұраймыз. Жақында мектеп демалысы басталады. Осы кезде балаларды бақылауға алуды күшейту қажет. Сол үшін ересектерге абай болуды ескертеміз», - деді қалалық ІІД баспасөз қызметінен.
Айта кету керек, Алматыда үш күннен бері қалың нөсер жауып тұр. Қала көшелерін, тротуарлар мен жерасты жолдарын су алды.