Алматыда балалар үйінде тәрбиеленушілердің жұмыстары қойылған жәрмеңке ашылды

АЛМАТЫ. Наурыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Бүгін Алматыда «Наурыз» деген атпен балалар үйінде тәрбиеленушілердің жұмыстары қойылған жәрмеңке басталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш шараның ұйымдастырушысы - «Аяла» қайырымдылық қоры.

Жәрмеңкеге №1, №2 қалалық балалар үйінің, № облыстық балалар үйінің және №7 арнайы мамандандырылған мектеп-интернатында тәрбие алушы балалардың Наурыз мерекесіне арнап жасаған жұмыстары қойылған.

«Балалар жұмыстарын жылдың басынан бастап дайындады. Жәрмеңкелер қаланың барлық қонақүйлерінде қойылатын болады. Жиналған қаражаттар №7 мектеп-интернаттың қажетіне беріледі. Бүгін жәрмеңкенің бірінші күні, сондықтан қанша соманы жинайтындығымызды айту қиын. Екі-үш күннен кейін нәтижесі белгілі болады. Әрине, көбірек жиналса, балар үшін де жақсы болар еді», деді «Аяла» қорының әлеуметтк жобалар жетекшісі Ксения Манджгаладзе. Оның айтуынша, балалардың жұмысы 10 мың теңгеден 30 мың теңгеге дейін тұрады.

Бүгін «Алматы» қонақүйінде өтіп жатқан жәрмеңке наурыздың 19-на дейін жалғасады. Ал, Наурыздың 22-сі күні «Intercontinental» отелінде, 24 мен 25-і күндері «Hyatt Regency Almaty» отелінде, 29-31 наурыз күндері «Rixos» отелінде, ал сәуірдің 1-і мен 2-і күні «Astana» қонақүйінде өтеді. Аталмыш шара таңертең 11-ден кешкі 6-ға дейін жұмыс істейді.