Мерекелік шараларды ұйымдастырушылар - «АЯЛА», «ДАРА», АБО қайырымдылық қорлары, бұларға Алматы қаласының әкімдігі қолдау көрсетті.
Алматы әкімі Ахметжан Есімов балаларды мерекемен құттықтап, оларға денсаулық, бақыт пен қуаныш тіледі.
«Біздің еліміз, Президенттің жеке өзі Қазақстан балаларының денсаулықтары мықты, білімді болып өсуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда, өйткені, балалар-еліміздің болашағы. Балалық шақтан денсаулықты ұштап, алған білімді одан әрі тереңдету қажет. Қазір барша әлемде қызық кезең басталды. Кімнің денсаулығы мықты, білімі терең болса, ол әрі көшбасшы, әрі іскер адам болып шығады», - деді қала басшысы.
Ахметжан Есімов балалар үйлерін қамқорлықтарына алған қайырымдылық қорларының атына да жылы лебізін білдіріп, алғыс айтты. Мереке күні балаларға қаланың жетекші мейрамханалары ас мәзірін әзірледі, оларға тегін балмұздақтар таратылды. Түрлі аттракциондар жұмыс істеп, концерттік бағдарлама ұсынылды.