Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, Mercedes Benz Жангелдин көшесімен оңтүстік бағытта қозғалып бара жатқан, ал Subaru Impreza Арықов көшесімен батысқа бет алған. Subaru Impreza «Жол бер» белгісін елемей, апаттың орын алуына кінәлі болған.
Анықталғандай, Mercedes Benz көлігінің жолаушылар орындығында екі бала мен олардың әкесі отырған. Түрлі жарақаттар алған олар ауруханаға жеткізілді. Балалардың жарақат дәрежесі мен жас шамасы әзірге белгісіз.
Еске салайық, бұған дейін балалар мен әйел зардап шеккен өзге жол апаты туралы хабарлаған болатынбыз. Оқиға Бекмаханов көшесінің бойында, Бартольд көшесіне жетпей орын алды.