АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда балаларды қорғау күніне орай ерекше флешмоб басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, бүгін Алматыда ұлттық киім киген 150 бала бір мезетте «Қара жорға» биін биледі. Іс-шара балаларды қорғау күні мен қазақтың халық биін дәріптеуге арналған.
«Флешмоб 2 маусым күні «Халық Арена» аумағында аяқталады. Онда 800 бала мен 100 педагог-тәлімгер қатыспақ. Мұнда «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубы тәрбиеленушілерінің шеруі мен мерекелік концерт өтеді», - деп хабарлады әкімдікте.
Думан Арғынгелді
2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. «Қазақстан» ұлттық арнасының Алматы қалалық филиалында, «Аягөз жаңалықтары», «Алматы ақшамы» газеттерінде қызмет атқарды. Мақалалары республикалық, облыстық, аудандық газет беттерінде жарияланды. 2021 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.