«Алматы қаласының Полиция департаменті күтушінің кішкентай баланы ұру әрекетін аумақтық бөлігі бойынша Әуезов ауданының полиция басқармасы тергеп жатқанын хабарлайды»,-делінген департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, істің-мән-жайы анықталған соң 1981 жылы туған А. атты әйелдің әрекетіне құқықтық баға беріледі. Одан әрі оған қатысты заң бойынша тиісті шаралар қолданылатын болады.
Айта кетейік, осыған дейін Алматыда күтушінің 1,5 жасар сәбиді ұрып-соққаны жасырын камераға түсіп қалғаны хабарланды.
Данияр Дәуіталиев