Н.Ораздың айтуына қарағанда, мамыр айының соңында Алматы қаласының полициясына екінші деңгейдегі банктің банкоматынан 19 миллион теңге ұрланғаны туралы хабар келіп түскен. Банкомат тұрған ғимараттың есігі кілттерді сәйкестеу арқылы, ал банкоматтың темір есігі - электр арамен ашылғаны анықталған.
«Тергеу және жедел іздестіру іс-шаралар кешені барысында қылмысты жасаған күдікті ретінде Алматы облысының екі тұрғыны қолға түсті. Оның біреуі бұрын осы банктің күзетшісі болғаны анықталып отыр», - деді ол.
14:04, 20 Шілде 2011
Алматыда банк банкоматынан 19 млн теңге ұрлағандар ұсталды
АСТАНА. 20 шілде. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Алматыда банк банкоматынан 19 млн. теңге ұрлаған ұрылар ұсталды. Бұл туралы бүгін елордада ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің басшысы Нұрділдә Ораз мәлім етті.