Оқыс оқиғаға байланысты қазір Абылайхан көшесін полиция қоршап қойды. Қызметкерлер өздері не себепті сыртқа шығарып жатқанын білмейді.
Қалалық ТЖД мен ІІД аталған оқиғаға қатысты әлі түсініктеме берген жоқ.
Айта кету керек, бұл ғимаратта Қалалық Тұрғын үй департаменті, басқа да көптеген заңды тұлғалардың офистері орналасқан.