Алматыда банк қаражатын заңсыз қолданғаны үшін кредит менеджеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды

АЛМАТЫ. 8 сәуір. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматы қаласы бойынша Экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменті банк қаражатын заңсыз қолданғаны үшін

қала банктерінің біріндегі кредит менеджеріне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 177-тармағының 3- бөлімі (алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғады.

Ол банктің қаражатын заңсыз қолданып, әлі белгісіз адамдармен келісе отырып, 635 миллион теңге көлеміндегі қайтарымсыз кредитті бергендігі үшін айыпталады.