Алматыда банк қызметкерлерінің көмегімен заңсыз аударылған 275 миллион теңгені иеленіп кетпек болған қаржы алаяқтары ұсталды

АЛМАТЫ. Мамырдың 21-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда Қазкоммерцбанк 275 миллион теңгені ұрламақ болған алаяқтардың жолын кескені туралы баспасөз мәлімдемесін таратты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Банктің операциялық бөлімінде мамырдың 18-і күні бір азамат есеп айрысу шоты мен депозитін ашады. Ал келесі күні оның шотына бағалы қағаздар нарығының ірі қатысушыларының бірі арқылы қазақстандық компаниядан 275 миллион теңге көлемінде ақша аударымы келіп түседі. Алайда есепшот иесінің сол күні барлық қаражатты қолма-қол алу үшін депозитке аударуды сұрауы банк қызметкері тарапынан күдік тудырған. Ал жедел қауіпсіздік қызметі компания басшылығының жеке тұлғаның шотына ақша аударуға тапсырма бермегені, ал аударымның жойылған ену жүйесі арқылы жүзеге асырылғанын анықтайды. Сондықтан банк қызметкерлері мұндай ірі соманың жоқтығын сылтау етіп оған депозитті келесі күні алуға ұсыныс жасайды. Сондай-ақ қауіпсіздік қызметі қалалық ішкі істер департаментіне өтініш береді. Ал 21-і күні құқық қорғау органдарының және банктің қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері бірлесіп оның бұл әрекетін әшкереледі. Ұсталған екі азаматтың бірі талдықорғандық 26 жастағы жұмыссыз болса, екіншісі оның алматылық 24 жасар құрбысы боп шықты. Бұл оқиға бойынша қазіргі таңда ішкі істер департаментінде қылмыстық іс қозғалып, заңсыз ақша айналымына қатысы бар өзге де азаматтар анықталуда. Алдын-ала деректер бойынша, күдіктілер ақша қаражатын рұқсат етілмеген жолмен есептен шығарып, одан кейін өз іздерін жасыру үшін компанияның ақпараттық технологиялық құрылымын бұзуға әрекет жасаған.