«БАҚ-та пайда болған Алматы қаласы Тимирязев көшесі 28 «В» мекенжайы бойынша ВТБ банкінде (Қазақстан) клиентке жасалған шабуыл туралы ақпаратқа байланысты айтар болсақ, банктің барлық бөлімшелері қауіпсіздіктің күшейтілген шараларымен штаттық режимде жұмыс істеуде. «Алатау Гранд» бизнес-орталығынан шыққан адамға шабуыл ВТБ (Қазақстан) банкі бөлімшесінен тыс жерде болды», - деп хабарлады банктің баспасөз қызметі. Банктің ақпараты бойынша қазіргі уақытта осы оқиға бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Қажет болған жағдайда банктің қауіпсіздік қызметі құқық қорғау органдарына жан-жақты көмек көрсетеді. «Болған оқиға бойынша толық ақпаратты құқық қорғау органдары жедел-тергеу іс-шараларын өткізгеннен кейін ұсынатын болады» - деп ескертті ВТБ.
Фото Informburo.kz